{metadescription}
Атырауда өртенген үйді ұрылар тонап кеткен
Атырауда өртенген үйді ұрылар тонап кеткен

Атырауда өртенген үйді ұрылар тонап кеткен

Атырауда өртенген үйдің тұрғындары бас сауғалап туыстарының үйіне қонуға кеткенде, қараусыз қалған пәтерлерін ұрылар үптеп кетті. Сенбі күні орталықтағы көпқабатты үйлердің бірінің шатыры түгі қалмай жанып, 300-ден астам тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілген-ді.

Өртті сөндіру кезінде басқа да қауіптің алдын алуға газ, жарық пен коммуникациялық жүйелер толық сөндірілген. Оған қоса 60 пәтерлік үйдің жоғарғы екі қабатын шатырға жиналған су басып қалды. Сол бір түнге ғана иесіз қалған пәтерлерге ұры түсіп үлгеріпті. Олардың әзірге қанша үйді тонағаны белгісіз. Жұрттың алды бүгін тәртіп сақшыларына арыз-шағымдарын арқалап келе бастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде