{metadescription}
Көкшетау - Омбы: Қос көлік сау-тамтығы қалмай соғылып, үш адам тіл тартпай кетті
Көкшетау - Омбы: Қос көлік сау-тамтығы қалмай соғылып, үш адам тіл тартпай кетті

Көкшетау - Омбы: Қос көлік сау-тамтығы қалмай соғылып, үш адам тіл тартпай кетті

Көкшетау - Омбы тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Бетпе-бет соқтығысқан екі көліктегі 3 адам оқиға орнында қаза тапты.

Қайғылы жағдай  Көкшетаудан 25 шақырым  жерде болған. «Мазда» тізгіндеген 20 жастағы жүргізуші қарсы бетте келе жатқан Iada-ға бетпе-бет соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, көліктердің сау-тамтығы қалмапты. Екі жүргізуші мен бір жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті. Одан басқа екі жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жансақтау бөлімшесіне жатқызылған олардың бұғанасы, кеуде сүйегі сынып, өкпесі зақымданыпты.

Әсем Әбдірахманова, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі:

Жол апаты Көкшетаудан шыға берістегі Қызылтаң ауылы маңында жексенбі күні болды. Екі жүргізуші мен жолаушы сол жерде жан тапсырды. Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.