Қазгидромет ескертеді: Алматыда бір күнде бір айлық қар жауады
Бір күнде бір айлық қар түседі. «Қазгидромет» мамандары Алматы тұрғындарын қолайсыз күн райы жөнінде ескертті. Синоптиктер алдағы екі күнде жапалақтап жауатын ақ ұлпа қалалықтарды «әбігерге түсіруі мүмкін» деп отыр. Сондықтан тұрғындарды сақ болуға шақырады.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
17.02.2020
Дәулет Кісебаев, инженер-синоптик:
- Ертең түнгі температура -6 градус, күндізгі уақытта 0 градус болады деп күтілуде. Бірақ қар өте қалың түседі. Тіпті бір күннің ішінде бір айлық қардың мөлшері жауып. Сосын тұман басып, көктайғақ болады. Алыс жолға шығатындарды абай болуға шақырамыз. Мұндай ауа райында Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің суы тасып, көшкін жүру қаупі де жоғарлайды.
Ал төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілерге ағаштың түбіне көлік қоймауға кеңес береді. Өйткені ақ ұлпаның шамадан тыс көп түсуінен ағаш бұтағы шыдамай, көліктерге құлап жатыр. Кеше ғана толассыз жауған қардың салдарынан 100-ден астам ағаш құлап, 50-ге жуық көлікті басып қалған.
Таулы аймаққа қар көшкіні жүруі ықтимал. Құтқарушылар тұрғындарды тауға шықпауға шақырады. Қазір шаһардағы қардың қалыңдығы 18-см, ал таулы аймақта 90 см-ден асқан. Жауған қарды аршуға 600 техника мен екі мыңға жуық адам жұмылдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!