Маман: Бетперде кигенше, таза ауамен демалыңыз
Жапониядағы «Даймонд принцесс» кемесінде тағы коронавирусқа шалдыққан тағы 99 адам анықталды. Шетелдік ақпарат көздерінде осындай дерек таралып жатыр. Ал еліміздің Денсаулық сақтау мамандары ондағы төрт отандасымыздың жағдайы қалыпты екенін айтып отыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
17.02.2020
Қазір Қазақстан оларды елге алдыру бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Егер оларда вирус белгісі анықталған болса, сол жергілікті ауруханалардың бірінде толық емделіп шығуы тиіс. Медициналық тәртіп солай. Ал әзірге 6-шы қаңтардан бері Қытайдан келген отандастарымыз бен шетел азаматтары арасында қауіпті вирус белгісі ешкімнен анықталған жоқ. Сондай-ақ инфекционист мамандар еліміздегі кейбір компаниялардың қызметкерлерін медициналық бетперде таққыза бастағанына мүлде қарсылық білдірді.
Динагүл Баешева, Қазақстанның жетекші жұқпалы аурулар маманы:
- Жоқ дұрыс емес. Олар енгізе алмайды ондай талапты. Өйткені бетперде сізді ешқандай аурудан сақтап қала алмайды. Бізде қарасаңыз, бір күлкілі жағдайға келдік. Далада, көлікте жападан-жалғыз отырып, бетпердесін киіп алған. Немесе далада жападан жалғыз бетперде киіп келе жатады. Ол дұрыс емес. Неге десеңіз, керісінше, адам таза ауамен демалу керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!