Байқұрманов пен Бейсембаев түзеу колониясына жіберілді
Ақталып тұрып сотталды. Павлодарда мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысы Ернұр Байқұрманов пен орынбасары Азамат Бейсембаев түзеу колониясына жіберілді. Оларға ірі көлемде пара алды деген айып тағылған болатын.
Автор: Асқарбек Қазанғап
18.02.2020
Облыстық сот олардың о баста жазадан құтылуын қалалық соттың қателігімен байланыстырады. Яғни бірінші инстанциядағылар «дәлел жеткіліксіз» деген тоқтамға келген. Ал апелляциялық сотта керісінше, айғақтар толық зерттелмеді деген қорытынды шығарылады. Осылайша, куәлерден қайтадан жауап алып, қалалық сотта негізге алынбаған 100 мың доллар пара істің 180 градусқа кері айналуына себепкер болды.
Айта кетейік, Байқұрманов пен Бейсембаев бір жарым жыл бұрын ұсталған еді. Олар екібастұздық кәсіпкерге «100 мың доллар пара берсең, салықтан жалтаруға қатысты қылмыстық істі тоқтатамыз», деп уәде берген. Экс-шенеуніктерді тінту кезінде 160 мың доллар, 10 млн теңге мен швейцариялық 9 сағат тәркіленді.
Инна Каркада, Павлодар облыстық сотының судьясы:
- Сот шешіміне сәйкес, Байқұрманов пара алғаны үшін 11 жылға сотталды. Ал пара алу үшін делдал болған Бейсембаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы іске қатысы бар тағы бір азамат Мағзұмовқа 160 млн 670 мың теңге айыппұл салынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!