Круиз кемесінде тағы 88 жолаушы коронавирус жұқтырған
Икогама портына жіпсіз байланған алып кемеде бүгін тағы 88 жолаушының қауіпті індет жұқтырғаны белгілі болды.
18.02.2020
Жапония Денсаулық сақтау министрлігі олардың арасында «бір Қырғызстан азаматы бар» деген ақпарат таратты. Алайда көрші елдің Сыртқы істер минисрлігі бұл мәліметтің әлі де нақты еместігін жеткізді. Өйткені оған «коронавирус жұқтырды» деген дәл диагноз қойылмаған. Сондай-ақ дене қызуы да, жөтел де жоқ көрінеді. Десе де 3 мың турист пен 700 экипажы бар кемедегі науқастар саны 454 адамға жетті.
Ал әлем бойынша коронавирус жұқтырған 72 мың адам есепке алынып, 1800-ден астамы көз жұмған. Бірақ соңғы бес күннен бері өлім-жітім азайып келеді. Мәселен кеше індеттен 105 адам өлсе, бүгін 98 науқас қайтыс болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!