{metadescription}
Қайта қамауға алынған ақтөбелік төрт полицейдің туыстары шу шығарды
Қайта қамауға алынған ақтөбелік төрт полицейдің туыстары шу шығарды

Қайта қамауға алынған ақтөбелік төрт полицейдің туыстары шу шығарды

Тергеу кезінде «күдіктіні қинады» деп айыпталған ақтөбелік төрт полицей ақыры қамауға алынатын болды. Жоғарғы сот бұған дейінгі аймақтағы әріптестерінің ақтаған үкімін жойып, тәртіп сақшыларын кінәлі деп таныған. Бірақ бұған келіспеген сотталушылардың туыстары облыстық сот алдында шу шығарды.

Алматы ауданындағы полиция бөлімшесі бастығының бұрынғы орынбасары Руслан Есанов пен оның қарамағында болған үш қызметкері енді 4 жылдан бес жылға дейін түрмеде жазасын өтеуі тиіс. Олар осыдан бір жыл бұрын әкімшілік жазаға тартылған нашақорды қинап, тергеу кезінде білгенін істеген көрінеді. Осылайша оған жасамаған қылмысын мойындатпақ болған. Бірақ облыстық соттың апелляциялық алқасы оларды «сүттен ақ, судан таза» деп ақтады. Енді жәбірленушінің шағымын қараған Жоғарғы сот полицейлерді кінәлі деп тауып отыр. Тәртіп сақшылары тек түрмеде жазасын өтеп қана қоймай, төрт жыл бұрынғы лаңкестік оқиға кезінде көрсеткен ерліктері үшін берілген медальдерін де қайтып береді. Ал үкімге қарсылық білдірген сотталушылардың жақындары істі қайта қарауды талап етуде.

Әсия Мырзабекова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Олар керек кезінде Отанын қорғады. Оларға Отаны медаль берді, алғыс айтты, грамоталарын тақты. Енді қазір шыршадан ойыншық шешкендей, медалдерін шешіп алады. Екінші сотта қайтадан іледі. Үшінші сотта қайтадан шешіп алады. Бұл мазақ па, ойын ба?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде