{metadescription}
Дариға Назарбаева электр қуатымен қамтамасыз ету жұмысын сынады
Дариға Назарбаева электр қуатымен қамтамасыз ету жұмысын сынады

Дариға Назарбаева электр қуатымен қамтамасыз ету жұмысын сынады

Сенат спикері электр қуатымен қамтамасыз ету жұмысын сынға алды. Дариға Назарбаева электроэнергетика саласы мен тұрғындардың жарықпен қамтамасыз ету жөніндегі жиында Нұр-Сұлтан қаласының жуырда жарықсыз қалғанына қатысты мәселені көтерді.

Сенат төрайымы Есілдің сол жағалауында жарықтың сөніп қалғанына таңданыс білдірді. Ал «Астана РЭК» мекемесінің басшылары қалада көптеген сыртқы электр жүйелері қараусыз қалғанын айтады. Соның салдарынан ақаулар болған екен. Сондай-ақ, Дариға Назарбаева көгілдір отын мен көмір өндірісіне қатысты мәселені де көтеріп, ішкі нарықтағы көмір мен газды пайдаланудың тепе-теңдігі сақталмай отырғанын тілге тиек етті. Тіпті бұл салада заманауи технологиялар толық енгізілмей отыр. Сенат төрайымының айтуынша, коммуналдық қызмет ақысын уақытылы төлеп отырған тұрғындарға сапалы қызмет көрсетілуі тиіс.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері: 

- Электр желілерінің қараусыз қалуына жол бермеу керек. Бұл басты мақсат. Сапаны қадағалауды күшейту қажет. Жабдықтардың бұзылғаны былай тұрсын, тұрғындардың денсаулығына зиян келтіруі де мүмкін ғой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде