{metadescription}
Елбасының жатақханаға қатысты тапсырмасы орындалмай жатыр  
Елбасының жатақханаға қатысты тапсырмасы орындалмай жатыр  

Елбасының жатақханаға қатысты тапсырмасы орындалмай жатыр  

Жатақхана жеткілікті салынған жоқ. Мәжіліс депутаттары «2022 жылға дейін 75 мың орынға жатақхана салынуы тиіс» деген Елбасының тапсырмасы орындалмай жатқанын айтып дабыл қақты.

Межеленген 75 мың орынға шақталған жаңа жатақханалардың құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Аталмыш жоспар кезең-кезеңімен жүргізіліп, яғни 2019 жылы – 5 мың, 2020 жылы – 15 мың, 25 мың 2021 жылы және 30 мың орын 2022 жылы тапсырылуы керек. Ал 2019 жылы құны 196,4 миллион теңге жатақханалардың 2 810 орны ғана тапсырылған. Осылайша, жоспардың тек 57 пайызы ғана орындалған. Сондай-ақ жоспарға сәйкес, барлық жатақханалар жаңадан бой көтеруі тиіс болған. Бірақ ескі ғимараттарды қалпына келтіріп, жатақханаға бейімдеген жағдайлар бар. Мәжілісмендер бұл ретте бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын қадағалауды премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтан сұрады.

Жәмилә Нұрманбетова, Мәжіліс депутаты:

- 2019 жылға байланысты Елбасы белгілеген жоспар орындалмаған. Негізгі меженің тек 25 пайызы ғана орындалған. 2019 жылдың 1-қазанына сәйкес 1957 орынға жатақханалар тапсырылған. Жыл соңында жоспарланған 2190 студент жатақханалармен қамтылмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде