{metadescription}
Ақтауда ішкі істер саласының зейнеткерлері қызметтік пәтерінен айырылуы мүмкін
Ақтауда ішкі істер саласының зейнеткерлері қызметтік пәтерінен айырылуы мүмкін

Ақтауда ішкі істер саласының зейнеткерлері қызметтік пәтерінен айырылуы мүмкін

Ақтауда ішкі істер саласының зейнеткерлері баспанасынан айырылуы мүмкін. Оларға полииция қатарында жүргенде берілген қызметтік пәтерді енді Маңғыстау облыстық полиция департаменті даулап жатыр. Тараптар бірін-бірі сотқа сүйреп, іс Жоғарғы соттың қарауына жолданған.

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстай облыстық полиция департаменті баспасөз хатшысы:

- Баспананы заңдастыру мәселесі қазір сотта қаралып жатыр. Бұл сұрақ заң шеңберінде азаматтық құқықтық сипатта шешілуі тиіс. Соттың шешімінен кейін ғана баспананы заңдастыру мәселесіне нүкте қойылады. 

Алты жыл бұрын пәтер алған 13 экс-полицей көп балалы отбасының отағалары. Баспана да сол себептен берілген. Бірақ қызметтік пәтерді аларда уақытша баспана екені көрсетілген келісімге қол қойыпты. Ал зейнетке шыққан соң пәтерді заңдастыруға құжат жинайды. Алайда баяғы келісім-шарттың негізінде өтініштері қанағаттандырыламаған. Сондықтан сотқа жүгініп, қалалық сот істі полиция ардагерлерінің пайдасына шешіпті. Енді Полиция департаменті қатардағы қызметкерлердің «қажетіне жарайды» деген баспананы даулап Жоғарғы сотқа жүгініп жатыр. Ал «ел тыныштығын сақтауға үлес қостық» дегендер «қызметтен кеткен соң керегіміз болмай қалды» деп қапалы. Баспана дауына қалғандардың арасында ерлік жасап, «Айбын» орденін таққандар да бар.

Бауыржан Тұқпаш зейнеткер:

- Қазір көзіміз жетіп отыр, зейнетке шыққан соң ешкімге керек емес екенсің. Сенің тағдырыңды ешкім ойламайды. Ешкімге қажетің де жоқ. Кезінде азғантай табыспен қызмет жасадық, елімізге еңбек еттік. Күн демей, түн демей. Осы кезеңді көріп тұрып, мені қайтадан қызмет етуге шақырса, едім бұл қызметтен бас тартар.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде