{metadescription}
Өскеменде мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы тергеушісі сотталды
Өскеменде мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы тергеушісі сотталды

Өскеменде мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы тергеушісі сотталды

Өскеменде мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы тергеушісіне қатысты үкім шықты. Енді Еркінжан Жүнісбеков бес жылын түрмеде өткізетін болды.

Тергеушінің мұндай жазаға кесілуіне оның ірі көлемде ақша ұрлауы себеп болған. Ол басқа жақтан емес, тура өзі жұмыс істейтін экономикалық тергеу қызметінде сақтаулы тұрған 22 миллион теңгеге жуық қаржыны қалтасына басады. Ал ол ақша күдіктіден айғақ зат ретінде алынған екен. Тергеу кезінде келтірген шығынды төлемегені үшін судья түрмеге жөнелтуді жөн деп шешкен. Осы уақытқа дейін қолхатпен еркіндікте жүрген Жүнісбеков сот залында қамауға алынды.

Қаламқас Салбанова, Өскемен қалалық №2 сотының судьясы:

- Қылмыс жасағанына айыпты деп танылып, бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Негізгі үкім заңдық күшіне енбеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде