Франк-Вальтер Штайнмайер: Ханаудағы қанды қырғын – лаңкестік әрекет
Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Ханаудағы қанды қырғынды лаңкестік әрекет деп атады. Ал ойран салып, оқиға орнынан із суытқан 43 жастағы азамат үйінде өлі күйінде табылған.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
20.02.2020
Жұрттың үрейін ұшырған атыс Ханау қаласында кеше түнде болған. Қаруланған қаскөй қала ішіндегі кальян-бар мен букмекерлік кеңсеге баса-көктеп кіріп, алаңсыз отырған адамдарға бей-берекет оқ жаудырған. Оққа ұшқан 10 адам оқиға орнында қаза тапса, тағы бесеуі ауруханаға жеткізіліпті. Дәрігерлер жараланған азаматтардың жағдайы «өте ауыр» деп отыр. Ал шабуыл жасаған адамның бұл әрекетке неге барғаны әзірге белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!