20.02.20 күні қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты
Бүгін Қазақстанда некеге отырушылар саны басқа күндерге қарағанда анағұрлым көп. 2020 жылдың екінші айының 20-сында 800 жұп отбасын құруға шешім қабылдапты. Өткен жылы бұл төрт есе аз болған.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
20.02.2020
Ерекше үйлескен сандары бар күнді таңдау қазақстандықтар үшін дәстүрге айналған. Бүгін елордада, Алматыда және Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында некесін қидырып жатқандардың саны көп. Әділет министрлігінің мәліметінше, жас жұбайлардың ең жас жұбы 16-22 жаста болса, ең кәрі жұп 65-70 жаста. Жалпы жыл басынан бері елімізде 15 мыңдай азамат шаңырақ құрыпты.
Маржан Дінғалиева, ҚР әділет министрлігінің басқарма басшысы:
- Бүгін, 2020 жылдың 20 ақпан күні, 20.02.20 деп жатырмыз, Қазақстан Республикасында 1600-ге жуық қазақстандық некесін құрды – 800-ден астам жұп құрылды. 2019 жылы тап осы күні 241 неке құрылған. Қыс айына бұл өте үлкен көрсеткіш.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!