Колледж басшылары Сенат спикеріне мұң-мұқтажын айтты
Ауыл шаруашылығы колледждерінің студенттері тәжірибеге мұқтаж. Колледжде алған білімін іс жүзінде сынап көрейін десе, оған мемлекеттік қолдау жоқ. Білім ошағының басшылары бүгін Сенат спикері Дариға Назарбаеваға осындай шағым айтты.
Автор: Ербол Тұрымбет
20.02.2020
Мемлекеттік қолдау дегенде мамандар бюджеттен ақша сұрап отырған жоқ. «Тек шаруаны ұйымдастырып берсе» деген өтініш қана. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы колледждеріне арнап жазылған кітап соңғы рет 2010-шы жылы шығыпты. Оның үстіне, колледждер заманауи құрал-жабдықтармен нашар жабдықталған.
Дариға Назарбаева, Сенат спикері:
- Колледжден кейін жұмысқа алатын кадрлардың біліктілігі төмен. Тәжірибесі болмайды. Колледж басшылары өз өңірінде қанша маман керектігін болжап, соған сай маман даярлау керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!