{metadescription}
Украиналықтар Қытайдан эвакуацияланған азаматтардың жеткізілуіне наразы  
Украиналықтар Қытайдан эвакуацияланған азаматтардың жеткізілуіне наразы  

Украиналықтар Қытайдан эвакуацияланған азаматтардың жеткізілуіне наразы  

Кесел ошағынан келгендерді украиналықтар «кіргізбейміз» деп отыр. Новые Санжары кентінің тұрғындары Қытайдан эвакуациаланған азаматтардың жеткізілуіне наразылық білдірді. Өйткені коронавирус жайлаған елден әкелінгендер дәл осы өңірге карантинге жатқызылмақ.

Украина билігі бүгін Ухань қаласынан 73 адамды эвакуациялады. Оның ішінде жергілікті азаматтармен қатар шетелдіктер де бар. Дәрігерлер оларды аталған кент мағындағы Ішкі істер министрлігінің шипажайында 14 күн бойы тексермек. Бұл жаңалық жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызып отыр. Бас көтерген бұқара Қытайдан келгендер карантинге басқа жерге жатқызылсын деген талап қойды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, қазір коронавирустен қайтыс болғандардың саны 2126 адамға жеткен. Қаралы тізімде Жапония жағалауында тұрған круиздік лайнердің екі жолаушысы да бар. Ал жұқпалы ауруды жұқтырғандар 75 мыңнан асқан. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде