{metadescription}
Уханьнан елге жеткізілуі тиіс екі студенттің бірін украиналық ұшақ алмай кетті
Уханьнан елге жеткізілуі тиіс екі студенттің бірін украиналық ұшақ алмай кетті

Уханьнан елге жеткізілуі тиіс екі студенттің бірін украиналық ұшақ алмай кетті

Коронавирус өршіген Уханьнан елге жеткізілуі тиіс екі студенттің бірін украиналық ұшақ алмай кетті. Өйткені отандасымыздың дене қызуы көтерілген. Қазір оның жағдайы уханьдық дәрігерлердің назарында. Ал бүгін таңертең Алматыға Украинаның азаматтарымен ұшып келген жерлесімізден вирус белгісі анықталмапты. Десек те, ол 14 күн карантинге жатқызылды.

Елжан Біртанов, ҚР денсаулық сақтау министрі:

- Сол азамат, мүмкін басқа да азаматтар бар, барлығы Сыртқы істер министрлігі, консулдық қызметпен тікелей байланыста. Біріншіден, біз солардан ақпарат күтіп отырмыз. Құдай қаласа, бәрі дұрыс болса, басқа рейспен немесе басқа мүмкіндік қарастырып, елге оралу мәселесі шешіледі.

Ал Жапония жағалауындағы лайнерде болған ел азаматтары коронавирусқа екінші рет тексерілді. Инфекция анықталмапты. Біртанов медициналық бетперде эскпортына қатысты тыйым туралы да айтты. Біріншіден, жағдайды пайдаланғысы келген саудагерлердің бетперделерді Қытайға жаппай сатпақ болған. Себебі, сонда сұраныс жоғары. Екіншіден, медициналық тауардың шикізаты Қытайда тігіледі. Ал өндіретін кәсіпорындар жабылып жатыр екен. Елімізде бетперде қоры жеткілікті болғанымен, министрлік осылай сақтануға көшті.

Ел билігі медициналық құрал-жабдық алу мақсатында Үкімет резервінен тағы да қосымша ақша алуы мүмкін. Жаһанды жайлаған вирус тарамауы үшін 41 мемлекет бүкіл Қытайдан келген азаматтарға карантин тәртібін енгізіп жатыр. Қазақстанда да бүгіннен бастап қауіптің алдын алуға карантин жарияланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде