{metadescription}
Шығыстағы шу: Даниал Ахметов наразы зайсандықтарды сабырға шақырды
Шығыстағы шу: Даниал Ахметов наразы зайсандықтарды сабырға шақырды

Шығыстағы шу: Даниал Ахметов наразы зайсандықтарды сабырға шақырды

Әлемді дүрліктірген коронавирус Шығыс Қазақстан облысындағы тұрғындарды да шырғалаңға салды. Кешелі бері Зайсан жұрты шекараның жабылуын талап етіп наразылық білдіруде. Сарытерек пен Айнабұлақ ауылдарындағы ауруханаларда арнайы орындардың дайындалуы аталмыш шуға себеп болып отыр. «Қытайларды карантинге жатқызады» деп естіген тұрғындар тіпті төсек-орындарды сыртқа шығарып тастады. Жұрттың күдігін сейілту үшін Зайсанға бүгін облыс әкімінің өзі барды. Шығыстағы шудың немен аяқталғанын тілшіміз айтып береді.

Шығыстағы шудың төркіні темір төсектен шыққан деседі. Кеше Сарытерек пен Айнабұлақ ауылдарындағы ауруханаларға науқастарды жатқызатын орын дайындап, төсек-орын әкеліпті. Осыны көрген ауыл халқы бұл жерге «Қытайда коронавирус жұқтырып келгендер жатқызылады» деп ойлаған. Тіпті бұл қауесет ауыл арасында тез тарап, тұрғындар түнделетіп наразылыққа шықты.

Қытайда қай жерде жатты, сол жерде жатсын! Келмесін! Оны неге Сарытерекке, Айнабұлаққа кіргізу керек?

Ауылдағы амбулаторияның алдына жиналғандармен тілдесетін тірі жан табылмады. Тіпті ауыл мен аудан басшылары да келмеген. Сондықтан ашулы халық кесел жұқтырғандарды келтірмес үшін арнайы дайындалған төсек-орындарды сыртқа шығарып тастады.

- Міне, ауруханадағы төсектің бәрін сыртқа алып шығып, жинап тастап жатырмыз. Аурухананың ішін төсекке толтырып тастапты. Мынадай төсек Зайсанның ауруханасында жоқ қой.

Ауыл халқының алаңдайтын жөні бар. «Мықты мемлекеттердің өзі коронавирустың емін таба алмай отырғанда, ауылдағы шағын амбулаторияға індет жұқтырғандарды жатқызу – бассыздық», - дейді жиналғандар.

- Екі амбулатория ешқандай жағдайға лайық емес. Неге халықпен санаспайды?! Түсіндіру жұмысын жүргізбей, түнгі 12-ге дейін халықты неге тентіретеді?! Аудан билігі қайда қарап отыр?!

Іс насырға шауып бара жатқан соң, таң атпай Зайсанға облыс басшысы келді. Даниал Ахметов наразы халықпен кездесіп, сабырға шақыруға тырысты. Әкімнің айтуынша, арнайы орындарға ешқандай да Қытай азаматтары жатқызылмайды. Бұл төсектер көрші елден келетін өз отандастарымызды 14 күндік карантинде ұстау үшін дайындалып жатыр екен.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

- Біріншіден, шекарадан басқа мемлекеттің азаматтары өтпейді. Тек қазақстандықтар. Өйткені олар өзіміздің қанымыз, қазағымыз. Мүмкін сіздің балаңыз, туысқаныңыз. Сол себептен қазақтар шекарадан өтеді. Екіншіден, бірде-бір шет мемлекеттің азаматы шекарадан өтпейді.

Ахметовтың айтуынша, шекараның арғы бетінде Шығыс Қазақстан облысының алты азаматы жүр. Олар елге келген бойда дәрігерлердің бақылауына алынады. Ал Зайсанда жол салып жатқан 42 Қытай азаматы бар екен. Тұрғындар енді сол шетелдік жұмысшыларды індет ауыздықталғанша, өз еліне қайтаруды талап етуде. «Қытайға шығатын шығыс қақпаны жауып, шекарадан шыбын ұшырмау керек», - дейді жиналғандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде