Таразда дәрігерлер 13 жасар қыздың асқазанынан бір келі ұйысқан шаш алып шықты
Тараздық дәрігерлер сирек жағдайдың куәсі болды. Олар 13 жастағы қыз баланың асқазанына ота жасап, салмағы 1 келі 200 грамм болатын нығыздалған шаш алып шықты. Науқастың қазіргі хәлі жақсы. Дегенмен ол ауруханада ем алуда.
Автор: Руслан Әбдіхалық
21.02.2020
Жасөспірім бірнеше аптадан бері асқа тәбеті болмаған. Ұдайы іші аурыратын оқушы соңғы күндері мүлдем нәр татпай әбден жүдеп кеткен. Ақыры амалсыз ауруханаға қаралуға келеді. Жан-жақты тексеруден кейін оның асқазанында әлдебір заттың кептеліп тұрғаны анықталған. Науқасқа дереу ота жасалып, асқазанынан ұзындығы 40 см, салмағы бір келіден асатын нығыздалған шашты алып шыққан. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай мөлшердегі қалдық кемі бес-алты жылда жиналуы мүмкін.
Дәл осындай жағдай осыдан бес жыл бұрын тіркелген. Ол кезде 11 жастағы қыздың асқазаны шашқа толып қалған еді.
Мәулім Кенжалы, Жамбыл облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:
- Бұл – баланың кішкентай кезінен қалыптасқан әдеті. Тырнағын тістейді. Кейібір балалар шашын ауызына салып жүреді. Сол әдетпен қалыптасады. Ол нақты бір паталогия мес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!