{metadescription}
Қытайда коронавирус түрмелерге жетіп, 500-ге жуық адамға жұққан
Қытайда коронавирус түрмелерге жетіп, 500-ге жуық адамға жұққан

Қытайда коронавирус түрмелерге жетіп, 500-ге жуық адамға жұққан

Коронавирус Оңтүстік Кореяда да белең алып барады. Бұл елде оны жұқтырған адамдардың саны 156-ға жетті. Жергілікті билік жұқпалы індеттің бұлай таралуына діни ағым өкілдерін кінәлап отыр. Өйткені қауіпті вирус әу баста шіркеуге барған сектанттан анықталыпты. 

Сосын қауіпті кесел діни ұйымға мүше өзге де адамдарға тараған. Қазір сектаның жұмысы уақытша тоқтатылды. Ауруды жаңадан жұқтырғандардың көбі Тэгу және Чхон қалаларының тұрғындары. Осы аймақта коронавирустан бір адам көз жұмған. Сондықтан қазір жұқпалы індет кәрістердің де алаңдаушылығын туғызып отыр. Ал Қытайда коронавирус түрмелерге де жетіпті. Нақтырақ айтсақ, бес абақтыда 500-ге жуық жазасын өтеушіден осы вирус анықталған. Осылайша әлем бойынша ауруды жұқтырғандар 75 мыңнан асса, індеттен көз жұмғандардың саны 2247-ге жетті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде