{metadescription}
Шенді полицей болу үшін алты айлық курс жеткілікті
Шенді полицей болу үшін алты айлық курс жеткілікті

Шенді полицей болу үшін алты айлық курс жеткілікті

Енді шенді полицей болу үшін 4-5 жыл казармада жатып оқудың қажеті жоқ. Оның орнына 6 айлық курстан өту жеткілікті. Ал тәртіп сақшысы болуға жоғарғы білімі бар кез келген адам құқылы. Ішкі істер министрінің сөзінше, болашақ маман қоғаммен байланысты үзбеуі тиіс. Сол үшін де казармада қамап оқытудан бас тартып отыр екен.  

Бұрын тәртіп сақшыларын оқытқан арнайы оқу орындары қысқартылып, үш академия ғана қалған. Енді жас мамандар өзге жоғары оқу орындарынан тартылады. Олар негізгі мамандықтарына байланысты 3 немесе 6 айлық курстан өтеді. Әрі Ішкі істер органдарының ерекшеліктеріне бейімделу үшін дипломға дейін тәжірибені аталмыш органдарда өтетін болады. Ішкі істер министрінің сөзінше, казармада 4-5 жыл оқыған болашақ маман қоғамдық өмірден алшақтай түседі. Бұл оның кәсіби деңгейіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан осы амал ұтымды жол ретінде таңдалған екен.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Қазақстандағы рейтингісі жоғары оқу орындарымен әріптестік туралы 33 меморандум бекітілді. Бұл оқу орындары негізінен заңгерлер мен құқықтанушыларды оқытады. Осы арқылы біз бакалавриттан бас тартып, 3 миллиард теңге үнемдедік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде