{metadescription}
0:000:00
Гарант 24 Ломбард қожайыны мен Ақтөбедегі филиал басшысына іздеу жарияланды

Гарант 24 Ломбард қожайыны мен Ақтөбедегі филиал басшысына іздеу жарияланды

Қаржылық пирамиданың кесірінен ақшасынан айрылғандар қамауға алынған басшыларды босатуды сұрады. Салымшылар талайды сан соқтырған ұйымның одан әрі жұмыс істеуін талап етіп отыр. Семей мен Ақтөбенің бір топ тұрғыны тіпті Тоқаевтың атына үндеу де жолдады. Атырауда салымшылардың наразылығы тоқтар емес. Ал осыған дейін компанияның құрылтайшысымен деп келген кәсіпкер елден қашып кеткен. 

Бес күннен бері «Гарант 24 Ломбард» компаниясының салымшыларынан маза қашқан. Көбі ақшаларынан айрылғанына әлі сенгісі жоқ. Күдікке ілінген қаржылық ұйымның кеңсесінің алдына ақтөбелік салымшылар бүгін тағы жиналды. Бұл жолы президенттен көмек сұрамақшы. Ең қызығы, олар мемлекет басшысынан пирамиданың жұмысын қайта жалғастыруды талап етіп отыр.

- Ақтөбе қаласының тұрғындары Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдай отырып, ТОО «Гаранат 24 Ломбард» мекемесінің жұмысын әріқарай жалғастыруды сұраймыз.

Атырау мен Семейдегі салымшылар да Тоқаевқа үндеу жолдады. Мұндағылар да «қаржылық ұйым қайта ашылса, ақшамызды қайтарар» деп үміттеніп отыр.

Гүлнар Шалажанова, Атырау қаласының тұрғыны:

Бізге ақшамызды бергізсе. Офистарды кері ашқызып, менеджерлер қайтып келіп, ақшамызды бергізсе болды. Хотя бы салған теломызды берсе. Проценті де керек емес. Өзіміз салған ақшамызды қатып салсақ.

Мамандар «еселеп ақша берем» деген ешбір ұйымға сенбеу керек деп отыр. Ең алдымен компанияның лицензиясымен танысып, одан кейін шарттарын қарау қажет.

Гүлзия Алдашова, қаржыгер-сарапшы:

- Қаржылық пирамидалар шамадан тыс, артық пайдаға уәде береді. Екіншіден, клиент тарту арқылы пайданың көбейетіндігіне сендіреді.

Үшіншіден, мұндай компанияларда лицензия болмайды.Төртіншіден, қаржылық есептілігі жоқ.

- Пирамидалар әдетте әрі кетсе, бір жылға дейін жұмыс істейді. Сондықтан аз уақытта салымшыларды көп тарту үшін елге танымал тұлғалардың көмегіне жүгінеді. «Гарант 24 ломбард» та сөйткен. Бұл пирамиданы жарнамалаған әнші-әртістер енді жаппай елден кешірім сұрап жатыр.

Салымшылар енді жарнама жасағандарды да жазалауды талап етуде. Қазір «Гарант 24 Ломбардтың» аймақтық филиалын басқарған он шақты директор қамауға алынған. Ал осыған дейін әлеуметтік желі арқылы өзін осы компанияның қожайынымен деп таныстырған Аслан Мырзабеков елден қашып кеткен. Оны өзі жасырмайды және салымшыларды ешқайда арыз жазбауға шақырып жүр.

Қазір елден қашып кеткен «Гарант 24 Ломбард» компаниясының қожайыны мен Ақтөбедегі филиал басшысына іздеу жарияланған. Ал өзге аймақтағы филиал директорлары тергеліп жатыр. Олардың үстінен алаяқтық, пирамидалық ұйым құрғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде