Қазақстанның 27 триллионы шет елдерге аударылған
2019 жылы елімізден 27 триллион теңге шетел асыпты. Бұл қаржы операцияларының басым бөлігі екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылған.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
25.02.2020
Аударылған 27 триллион теңгенің 80 пайызы бес мемлекетке жіберілген. Ол: Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Италия және АҚШ. Бұл бестіктің ішінде Ұлыбритания мен Ресейге 10 триллион теңге аударылған. Бірақ Қаржы министрлігі ақшаны триллиондап шетел асырып жатқан азаматтардың немесе компаниялардың атын атаған жоқ. Дегенмен ақша аударымдарын жай ғана тіркеп қоймай, арнайы бақылауға алынады деп сендірді. Ол үшін комитеттің бірыңғай ақпараттық-сараптамалық базасы бар екен. Барлық күдікті хабарлама сонда жинақталады.
Ғабит Лесбеков, ҚР Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары:
- Олар тиісті сараптаманы қолдана отырып, күдік өлшемін анықтайды. Операциялар ақша жымқыру немесе терроризмді қаржыландыруға байланысты күдікке ілінсе, ақпарат Бас прокуроратурамен әрі қарай бақылауға алынып, қудалау үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!