Бензин көрші елдерге әлі де жасырын тасымалдануда
Бензинді автокөлікпен экспорттауға салынған тыйымның мерзімі ұзартылады. Бұл ішкі нарықты жанармаймен жеткілікті қамтамасыз ету үшін керек. Себебі, көрші елдерге жасырын жолмен үлкен көлемде әлі тасымалданып жатыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
25.02.2020
Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, былтыр мұнай өңдеу көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда төрт жарым пайызға өсіп, 17 миллион тоннадан асқан. Соның арқасында мұнай өнімдерінің негізгі түрлері – авиакеросин, дизель отыны, бензин, мазут өндіру көлемі 2018 жылға қарағанда 9 жарым пайызға артыпты. Ал биылға арналған жоспар 12 жарым миллион тонна. Өткен жылы шілде айында тыйымды алып тастағаннан кейін бензинді Еуропа мен Орталық Азияға экспорттау басталды. Экспорт көлемі 180 мың тоннадан асты. Алайда шекаралас Ресей мен Қырғызстан және Өзбекстанға контрабандалық жолмен 400 мың тоннаға жуық бензин және басқа да жанармай түрлері өтіп кетіпті. Сондықтан министрлік қатаң шараны қолға алмақ.
Нұрлан Ноғаев, ҚР Энергетика министрі:
- Қаржы министрлігі, басқа да мемлекеттік органдардың бірігіп қабылдаған шешімдерінің нәтижесінде қазір автомобильмен, басқа да кішкентай құтылармен бензин экспортына тыйым салынды. Бұл жұмысты әрі қарай да жандандырамыз, бақылауда ұстаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!