Биыл тасқынға төтеп бере аламыз ба?
Үкімет тасқынға төтеп беруге толық дайын емес. Басқаны айтпағанда, өзен-көлдің жанында тұратын тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмысы да мардымсыз.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
25.02.2020
Әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдай қиындауы мүмкін. Елімізде 609 елді мекенді және 675 көлік жолын, 259 теміржолды су басу қаупі бар. Дегенмен қауіпті аймақтардан 8,8 миллион текше метрден асатын қар шығарылыпты. «Тасқынның алдын алу шаралары тоқтаусыз жалғаса береді», - деді бүгін Ішкі істер министрі. Ол үшін резервтен 34,2 миллиард теңге бөлініпті.
Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:
- Эвакуация болған жағдайда 1700 бекет дайындалды. Маршрут жаңартылды, қажетті көліктер бөлінді. Сондай-ақ тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз етуге әкімдіктер қажетті құралдарды, азық-түлік пен ауыз су қорын дайындады. Су тасқыны болған жағдайда жедел ден қою мақсатында ішкі істер органдарынан жалпы саны 9 мың адам және 1 730 техника дайын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!