Алматы құтқарушылары: Биыл қаланы топан су баспайды
Алматының құтқарушылары биыл қаланы топан су баспайтынына сенімді. Олар іргеде есік қағып тұрған көктемде болуы ықтимал тасқынға тосқын қоюды бастап кетті.
Автор: Асқарбек Қазанғап
26.02.2020
Бүгін мегаполистің барлық ауданындағы тасқын қаупі бар аумақтарға 59 техника мен 400-ге жуық адам жұмылдырылды. Өзен, арық пен жылғада кедергісі бар тастар алынып, бұталар оталды. Дегенмен биыл Алматыны қыстың қаһарлы аязы мен келеңсіз күн райы қатты қыспаққа алмағаны белгілі. Қар жылдағы қалыпты мөлшерден 23 пайызға аз түскен. Жердің қатқан тоңы - 27 см. Бұл қалыпты жағдайдан 65 пайызға төмен. Сол себепті көктемде тасқыннан келер қауіп жоқ, - дейді төтеншеліктер.
Ерлан Әлібеков, Алматы қалалық ТЖД бастығының орынбасары:
- Алматы қаласында былтыр 26 су тасқынына қаупі бар учаскелер болған. Былтыр 9 учаскеде жұмыстар жүргізіліп, қазір 17 учаске қалып отыр. Ол 17 учаскеде биыл жобалық сметалық құжаттамалар дайындалады. Кейін іске асырылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!