{metadescription}
Қояндыда көше кезген иттер балаларға қауіп төндіруде
Қояндыда көше кезген иттер балаларға қауіп төндіруде

Қояндыда көше кезген иттер балаларға қауіп төндіруде

Ақмола облысында ауыл тұрғындары қаңғыбас иттерден құтыла алмай жүр. Көше кезген иесіз иттер жуырда Қоянды ауылында 8 жастағы баланы талап тастаған. Енді мұндағы оқушылар мектепке бір-бір таяқ ұстап баруға мәжбүр. Ал жергілікті биліктің елді иттен қорғайтын шамасы жоқ. Себебін тілшіміз сұрап білді.

- Жан-жақтан алты ит келіп маған жабылды.

Сегіз жастағы Арлан сол күні дүкеннен келе жатқан беті еді. Тапа-тал түсте алты ит талаған баланың зәресі қалмапты. Азу тістен қалың сырт киіміні де зі құтқармаған. Көрші үйдің баласы дер кезінде байқап, көмеккке келген.   

Бақытгүл Марапат, Қоянды ауылының тұрғыны:

Есіктің артындағы 7-ші сыныпта оқитын көршімнің баласы құтқарыпты, біз үйге кіргізгенде бір-ақ білдік. Мына жерде иттер көп жүреді. Мына жақта малшылар тұрады, олар малы болған соң ттерін қосып ұстайды.

- Иттен қатты қорқамыз. Балалардың сөмкесіне таяқ салып беретін болдық.

Бірақ таяқ иттерден қорғайды деп ешкім кепіл бермейді. Ата-аналар баласының мектепке аман-есен барып келгеніне қуанады. Ал әкімдік тарапы бұл жерде қауқарсыз екен. Өйткені ауылда мұндай іс-шараға ақша қарастырылмаған. Қаңғыбас иттерді аулаумен тек аудандағы арнайы мекеме айналысады.   

Айбек Есеев, Қоянды ауылының әкімі:

- Мекеменің арнайы мамандары тұрғындардың өтініштері мен біздің жазған хатымызға сай, иттердің көзін жоюмен айналысады. 

Өткен тәулікте Қоянды ауылында 50 шақты ит жансыздандырылған. Бірақ ауылдықтардың айтуынша, қабылданып жатқан шара жеткіліксіз. Балаларды былай қойғанда, ересектердің өзі ауылда жүруге қорқады.

Қаңғып жүрген иттердің қаптап кетуіне, әкімнің сөзінше, тұрғындардың да кінәсі бар. Себебі, көп жағдайда, иесі итін бос қоя береді екен. Жоғалып кеткен итін де іздемейді. Ал келесі аулау науқаны қашан болатыны белгісіз.Нақтысы, ауыл көшесінде жүрген әлі де қауіпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде