{metadescription}
Семей жұртын қақ қақсатқан Жарма ауданының барымташылары ұсталды
Семей жұртын қақ қақсатқан Жарма ауданының барымташылары ұсталды

Семей жұртын қақ қақсатқан Жарма ауданының барымташылары ұсталды

Семей жұртын былтырдан бері қан қақсатқан мал ұрылары ұсталды. Бірталай уақыт іздеуде жүрген күдіктілер ұрлық малды сойып сатып жатқан жерінен қолға түсті. 

Қорадағы малдан мал қоймаған ұрылар олжаларын қаладағы жеке гараждардың бірінде сойып жүрген екен. Сатып алушы боп сөйлескен тәртіп сақшылары түнде ғана ұрланған малды жіліктеп жатқанда үстінен түсті. Етті де алысқа ұзамай-ақ осында алыпсатарларға өткізіп отырған екен. Былтырдан бері ұстатпай жүрген ұрылар көлік гаражын кәдімгі қасапханаға айналдырып алыпты. Ішінде тоңазытқышы мен таразысына дейін тұр. Тіпті есіргені сонша, ұрланған малдың сырғасын да жасыруға тырыспаған. Қапқа жинап сақтаған. Осы арқылы баукеспелердің 100 бастан астам қойды қолды қылғаны белгілі болды. Ал ұрылар жергілікті Жарма ауданының жігіттері.

Айта кетейік, биылдан бастап мал ұрыларына жаза күшейтілген. Яғни, мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.   

Сағат Мәдиев, Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы:

- Ұрланған малдарды сатып алуға және өткізуге қатысы бар адамдар анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілердің 19 қылмысқа қатыстылығы дәлелденіп, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде