Бейнеүндеу жолдаған тараздық мұғалім мектепке қайта қабылданды
«Негізсіз жұмыстан қуылдым» деп дау шығарған тараздық мұғалім мектепке қайта қабылданды. Жергілікті басшылардың мәліметінше, директор Күнсұлу Бөрімбекованы қызметінен босатарда қателіктерге жол берген.
Автор: Руслан Әбдіхалық
26.02.2020
Уалихан Байдуанов, Тараз қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
- Бұл жерде ол кісіні жұмысқа қайта орналастыру туралы бұйрықтың күшін жоюға, яғни ол бұйрықты шығаратын кездегі тиісті негіз болатын құжаттардың жеткіліксіздігі себеп болып, сол себептен комиссия ол кісіні қайтадан жұмысқа орналастыру жөнінде шешім қабылдады.
Атап айтқанда, директор қызметтік тексеріс жүргізбеген, әрі қол астындағы маманнан түсініктеме алмаған. Осы екі жағдай Бөрімбекованы кері қайтаруға негіз болыпты. Шу шыққан білім ошағында қазір жан-жақты тексеріс жүріп жатыр. Себебі, бірнеше мұғалім мектептегі жемқорлық сипатындағы былықтарды жайып салған. Қазір осыған қатысты әр ұстаздан сауалнама алынуда. Мамандардың уәжі расталса, бұл іспен құзырлы орындар айналысады.
Еске салсақ, Тараздағы №43 мектептің мұғалімі өзінің жұмыстан негізсіз шығарылғанын айтып, бейнеүндеу жолдаған болатын. Күнсұлу Бөрімбекованың үні демде Білім және ғылым министрінің құлағына жетті. Асхат Аймағамбетов комиссия жұмысы аяқталғанша директор Эльмира Өмірбекованы уақытша қызметінен шеттетуге бұйрық берген-ді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!