«ESTATE Ломбардтың» Шымкенттегі филиалының басшысы ұсталды
Елді шулатқан қаржы пирамидаларының бірі - «ESTATE Ломбардтың» Шымкенттегі филиалының басшысы ұсталды. Бұған жұрттың алдандық деп көптеген арыз түсіруі себеп болған.
Автор: Бек Әбиев
26.02.2020
Мекеменің темір есігін ашу үшін полицейлер арнайы қызметті шақырып есігін бұзып кірді. Ішінен айғақ болатын бүкіл құжаттар мен компьютерлерді тәркілеген олар «ESTATE Ломбард» филиалының басшысын да ұстады. Дәл осы қаржылық пирамидаға қатысты Шымкентте 80 адам шағым түсіріп үлгерген. Оңай ақшаға кенелеміз дегендер шамамен 90 миллионға жуық теңгесінен айырылып отыр. Онымен қоса шымкенттік салымшылардың жарты миллиард теңгеден астам ақшасын алып үлгерген «Гарант 24 Ломбард» филиалының басшысына қатысты да қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!