{metadescription}
Коронавирус: Қорғас жұмысын тоқтатып, бірқатар елге әуе қатынасы қысқартылды
Коронавирус: Қорғас жұмысын тоқтатып, бірқатар елге әуе қатынасы қысқартылды

Коронавирус: Қорғас жұмысын тоқтатып, бірқатар елге әуе қатынасы қысқартылды

Қытайдағы қауіпті вирустың одан бетер өршуіне байланысты Қорғас кеден бекеті жұмысын тоқтатты. Бұған дейін кеден бекеті ақпанның 15-не дейін жабылған болатын. Бұл жолы шектеудің қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Сондай-ақ қауіпті індет Қытайда ғана емес, басқа елдерде де тараған соң, Қазақстан Оңтүстік Корея бағытындағы әуе қатынасын қысқартып, Иранға ұшақтар мүлдем ұшпайтын болады.

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас санитариялық дәрігер:

- Иран Республикасында жағдай күрделеніп бара жатыр. Ресми түрде 42 жағдай және 12 жағдай өлім-жітіммен аяқталған. Оңтүстік Кореяда 10, Италияда 10 жағдай өлім-жітіммен аяқталды.

Енді қауіпсіздік үшін Қытайдан бөлек, Оңтүстік Корея, Италия, Иран, Жапония, Гонконг, Тайвань және Макаодан келген қазақстандықтар 14 күнге карантинге жатқызылады. Соның ішінде Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Италиядағы отандастарымыз наурыздың 1-не дейін елге оралуы керек. Оңтүстік Кореяның өзінде 34 мың қазақстандық бар екен. Сондай-ақ, 170-ке жуық отандасымыз Иранда, 180-і Жапонияда жүр. Сақтық үшін Оңтүстік Кореяға әуе қатынасы аптасына тоғыздан үшке дейін кемиді. Ал Иранға қатынас мүлдем тоқтатылады. Қауіпті елдерге баруды жоспарлаған азаматтар қазіргі  уақытта билетін тапсырып жатыр. Оларға жол құны тұтастай қайтарылады. Бас санитар дәрігердің сөзінше, бүгінде қауіпті вирус жұқтырғандардың саны әлем бойынша 2544-ке жеткен. Сондықтан еліміздегі мекеме басшыларына Жандарбек Бекшин залалсыздандыру жұмыстарын сағат сайын ұйымастырып тұруды өтінді.

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас санитариялық дәрігер:

- Дезинфекциялық режимді күшейту керек. Біріншіден, нысандарда қол жуатын жағдай жасау керек. Міндетті түрде ол жерде сұйық сабын мен су болуы тиіс. Есіктің тұтқасын дезинфекция жасау керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде