{metadescription}
«Есірткі тасыдың» деп ақша бопсаламақ болған полицейлер сотталды
«Есірткі тасыдың» деп ақша бопсаламақ болған полицейлер сотталды

«Есірткі тасыдың» деп ақша бопсаламақ болған полицейлер сотталды

Ақтауда есірткіге қарсы күрес басқармасының үш қызметкері сотталды. Есірткі тасыдың деп, елден ақша бопсаламақ болған полицейлер шенінен айырылып қана қоймай, енді 5 жылын түрмеде өткізетін болды.

Оларға қатысты «қызметін асыра пайдалану» және «пара алу» баптары бойынша қос қылмыстық іс қозғалған. Бірақ пара алғандары дәлелін таппапты. Майор, капитан және лейтенант шеніндегі үшеу былтыр қыркүйек айында күдік тудырған көлікті тоқтатып есірткі іздейді. Тек көліктен де, оның иесінен де ешқандай тыйым салынған зат табылмапты. Десе де, есірткіге қарсы күрес басқармасының офицерлері көлік иесінен жәй ғана жібере салу үшін 5 миллион теңге талап еткен. Полицейлерден әзер құтылған жәбірленуші олардың үстінен шағым түсіріп, ақыры қаматады. Жарты жыл қаралған іске бүгін нүкте қойылып, экс-полицейлер «қызметін асыра пайдаланған» деп танылды. Ал олардың адвокаты «жаза тым ауыр» дейді.

Марина Каплан, сотталғандардың адвокаты:

- Сот барысында пара алмағандары дәлелденіп, үшеуі де кінәсіз екенін көрсетті. Біздің пікірімізше, қызметтік қылмысы бойынша жаза жұмсақтау болуы керек еді. Сондықтан бұл үкім тым қатал деп санаймыз. Ары қарай үкімді қайта қарау туралы шағым жазамыз.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.