{metadescription}
Аймақтардағы ахуал: Ақтүтек боран, көктайғақ, қар аралас жаңбыр
Аймақтардағы ахуал: Ақтүтек боран, көктайғақ, қар аралас жаңбыр

Аймақтардағы ахуал: Ақтүтек боран, көктайғақ, қар аралас жаңбыр

Елімізде ауа райы күрт құбылды. Орталық өңірде жауын-шашынның арты ақтүтек боранға ұласса, солтүстік пен шығыста еріген қарға жаңбыр суы аралысып көктайғаққа айналған. Ал Шымкентте қар аралас жаңбыр шелектеп жауды. Көшенің бәрі көлге айналған. Түбін су шайған ағаштар құлап, көліктерді зақымдады. Аймақтардағы ауа райының ахуалы туралы тілшіміз айтып берсін.

Өскемен мен Семейді ақпанның жаңбыры әлекке салды. Бірден шаһар көшелері көлшік пен мұз айдынына айналды. Мектептерде жаппай сабақ тоқтатылып, қаладан шығатын күре жолдар жабылған. Көктайғаққа байланысты қоғамдық көліктер де бағытына шыға алмады.

Наталя Турпатова, Семей қаласының тұрғыны:

- Бір сағат тұрдық. Жаңбыр, көктайғақ автобус жоқ. Жұмысқа жаяу баруға тура келді. Такси бағаны көтеріп тастаған. Бір жерден екінші жерге дейін кем дегенде екі мың теңге сұрайды. Сұмдық қой!

Шымкенттегі нөсерлете құйған жауын үйлердің жөртөлесін толтырған. Ақауы барларының төбесінен де су сорғалап жатыр. Жайылған суды соруға арнайы техника атаулы жұмылдырылған. Қызыл су Шымқаланың кепкен тоң топырағын ерітіп, соның салдарынан сулы қардың салмағына шыдамаған ағаштар құлап, көліктерді басып жатыр. Тұрғындар: «Қаладағы суағарлар уақтылы тазаланса, жауын шашыннан зардап шекпес едік», - дейді.

Ермахан Бекенов, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Әр жауын жауған сайын арықтарды су алып, жерасты арналарын, үйлерді де  су басып жатады. Осыны бір қолға алып, іс-әрекет жасаса болады ғой.

Ал Қарағандыда кешелі жауған жаңбырдың аяғы таң ата қарға ұласты. Ал қар астында қатқан мұз қарыс қадам жасатпай қойды. Оның үстіне қатты жел тұрып, қаланың іргесіне баратын жолдардың өзі ақтүтек боран боп кеткен. Қазір Қарағандыдағы шығатын жодардың бәрі жабық. Тек күндіз Жезқазған мен Балқашқа баратын тас жолға жеңіл көліктер ғана шығарылды. Ауа райын бағып отырғандар қас қарая оған да тосқауыл қоймақ.

Мұрат Қатпанов, Қарағанды облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Солтүстік жақтарда қатты борандар болып жатыр. Ол Нұра, Осакаров, Бұқар жырау ауданы. Бүкіл бағыттағы жол жабық. Бір өткізіліп жатқан апаттық құтқару жұмыстары жоқ деп айтуға болады. Тек қазір Осакаровка мен Нұра ауданының ортасында жеңіл көліктегі екі адам көмек сұрап отыр.

Петропавлда қыс басталғалы алғаш рет орта мектеп оқушыларының барлығы сабақтан босатылды. Өйткені мұз айдынына айналған көшелерде жүру мүмкін емес. Синоптиктердің болжамынша, ауа райы әлі де әлекке салады. Республика бойынша жақын күндері жауын шашын мол болып, кей жерлерде тұман, көп өңірде көктайғақ сақталады деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде