{metadescription}
СҚО жұрты бетперде таппай сабылып жүр
СҚО жұрты бетперде таппай сабылып жүр

СҚО жұрты бетперде таппай сабылып жүр

Солтүстік Қазақстан облысында медициналық бетперде тапшылығы сезілуде. Дәріханалардың есігін қағып шаршаған жұрт өңірде бетперде таппай сабылып жүр. Ал эпидемиологтар мұндай тапшылықты тұмаудың өршуімен байланыстырып отыр.

Облыста соңғы бір аптада 3 мыңға жуық адам тұмауға шалдығыпты. Вирустың асқынған кезеңінде бетпердеге де сұраныс артқан. Оған қоса, Қытайдағы коронавирус та халық арасында дүрбелең туғызған. Сондықтан басы ауырып, ыстығы көтерілген жұрт жаппай дәріханаларға ағылып, бетперде сатып алуда. Бірақ көбісі оны таппай әлек. Ал фармацевтер елімізде бетперде жетіспейтінін алға тартып отыр. Олар тұрғындарға байбалам салмай, бетпердені қолдан жасауға кеңес берді.

Тамара Анохина, СҚО Фармацевтикалық ұйымдар қауымдастығының атқарушы директоры: 

- Тұрғындарды бетпердені сатып алмай, үйде отырып жасауға шақырамыз. Оның тиімді жолын барлығына жіберіп жатырмыз. Өкінішке қарай, жұрт дайын затты сатып алуға әуес. Бетперденің тапшылығы бүкіл әлемге сезіліп жатқанын ұмытпау керек. Бірақ медициналық мекемелерде бетперде жеткілікті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде