Ясминнің тағдыры – бойжеткенді шалыс қадамнан сақтайтын сериал
КТК арнасы көрермендердің сұрауы бойынша атышулы телехикаяның көрсетілімін бастайды. «Ясминнің тағдыры» көптеген бойжеткенді шалыс қадамнан сақтайтын сериал. Телехикая сүйіктісінің опаздығына тап болған Ясмин деген қыз жайлы. Туынды он жыл бұрын экранға шыққан, бірақ әлі күнге дейін көрерменнің іздеп жүріп қарайтын хикаялардың бірі.
Автор: Аруна Ортай
28.02.2020
Себебі, кейіпкерлер басынан өткеретін сатқындық, туыстар арасындағы кек, кездейсоқ қатынас бүгінгі қоғамда да күйіп тұрған тақырыптардың бірі.
Ясминнің барлық арман-тілегі орындалғандай болған. Жұмысы алға басып, әрі бойжеткен үйлену тойына қамданып жатқан. Бірақ бақыттан басы айналған ару өзінің құрбысы мен жігітінің жақын байланысынан бейхабар еді.
- Бұл соңғы рет болсын, Межде. Жақсы. Күлме, шын айтам. Жақсы дедім ғой, бұл жерге енді аттап баспаймын.
Бірақ той күнінің жақындағанына қарамастан, жігіті қыдырысын тоқтатпайды. Тойға қамдануға көмектескен сыңай танытқан құрбысы да алдауын әрі қарай жалғастыра береді. Алайда үйленуге небәрі бір апта қалғанда өтіріктің беті ашылады.
- Құдайым-ай! Сен Лондонға кетпеп пе едің?
- Не істедің? Біз үйленбекші болдық! Бір аптадан соң үйленуге тиіс едік.
Осылайша Ясминнің ақ көйлек кию арманы тас-талқан болады. Жігіті мен құрбысының опасыздығына шыдамаған қыз жергілікті барлардың біріне барады. Сонда Саваш атты жігітпен танысады. Кездейсоқ қатынастың соңы сезімге ұласады. Десе де, бәрі оңай болмай шығады. Белгілі әулеттен шыққан жігіт өзінің туған жеңгесіне үйленуге мәжбүр болады.
- Біздің ғасырымызда әменгерлік? Егер сіздер мұны жасамасаңыздар, бәрін қалай бүлдіруді біз білеміз. Егер басқа әулеттен қыз алсақ, Морандармен тағы жауласамыз. Тағы да қан төгіледі.
Ал Ясмин жүкті боп қалады. Бірақ қос ғашықтың қосылуына бүтін бір ауыл қарсы. Қантөгіс пен есірткі саудасы араласқан соғыста Ясмин мен Саваштың хикаясы немен аяқталады?
Дүйсенбіден бастап сағат 18:00-де КТК арнасынан қараңыз. Басты рөлдерде Түркияның танымал актерлері Мұрат Йылдырым мен Нұргүл Ешилчай. Сериал қазақ тіліне тәржімаланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!