{metadescription}
Арман Шораев: Абылай ханның монументіне қазынадан көк тиын да алынбайды
Арман Шораев: Абылай ханның монументіне қазынадан көк тиын да алынбайды

Арман Шораев: Абылай ханның монументіне қазынадан көк тиын да алынбайды

Абылай ханның алып монументін салуға шамамен жеті миллион доллардай қаржы керек. Идея авторы Арман Шораевтың сөзінше, қазынадан көк тиын да ақша алынбайды. Монумент халықтан жиналатын қаражатқа тұрғызылмақ.

Абылай хан бейнесіндегі ғимараттың эксиздік жобасы дайын. Оны сәулетші Айдар Жамхан жасапты. Биіктігі 54 метрдей болатын монумент ішінде конференц зал, мұражайы бар. Нысан Көкшетауға жақын маңдағы Кеңесары ауылынан бір шақырым жердегі жотаның үстіне салынбақ. Жер учаскесін мемлекет береді және монументке барар жол да бюджет есебінен жасалады деп жоспарланған. Абылай ханның монументін жасайтын мамандарға қойылар талап көп. Халықаралық конкурс ертең басталады. Ал ғимарат үш жылдан соң пайдалануға берілмек. Бастамашыл топ ғимаратқа жұмсалатын екі триллоннан астам теңге өзін ақтайтынына сенімді.

Арман Шораев, идея авторы:

- Жоба құрылған соң, ешқандай ақша қажет етпейді. Өз-өзін асырайды. Бұл жерге зиярат жасайтын өзіміздің бауырларымыз келеді, шетелден келетін туристер бар. Сондықтан бұл бір сәтті жобалардың бірі болады деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.