{metadescription}
0:000:00
Ақсуда банктегі банкоматты жарып жіберді

Ақсуда банктегі банкоматты жарып жіберді

Павлодарда банкомат тонамақ болған азамат ұсталды. 25 жастағы күдікті Ақсу қаласындағы банктердің біріндегі банкоматты жарып жіберген.

Оңай олжаны көздеген жігіт банк тонауға тың тәсіл қолданыпты. Ал арам пиғылын жүзеге асыру үшін банк ғимаратына өзімен бірге екі шар ала келген. Оның ішіндегі тез тұтанатын газды банкоматтың ішіне жіберіп, артынан жанармай құйып жағып жібереді. Осы сәтте ақша беретін құрылғының тас-талқаны шыққан. Бірақ сонша тырысқан азаматтың «еңбегі» еш кетті. Өйткені банкоматтың ішінде ақша болмаған. Бірақ жойқын жарылыстан банктің терезелері қирап қалды. Тәртіп сақшылары жедел тергеу тобын құрып, бүгін түс ауа 1995 жылғы Ақсу қаласының тұрғынын ұстады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде