{metadescription}
Наурызды тоғыз күн атап өту ұсынылды
Наурызды тоғыз күн атап өту ұсынылды

Наурызды тоғыз күн атап өту ұсынылды

Биылғы Наурыз мейрамын тоғыз күн атап өту ұсынылды. Егер ұсыныс қабылданса, Ұлыстың ұлық мерекесі айдың 14-і, яғни көрісу күнінен басталмақ. Әрі мейрамды отбасылық мерекеге айналдыруға ерекше екпін қойылады. 

Жанар Боқанова, «Рухани жаңғыру» орталығының директоры:

- Наурыз мейрамын мерекелеу сахналық, фольклорлық сипатта басымдық алып жүр. Бірқатар танымал ғалымдар, этнографтар мерекені атап өтудің бұл тұрпатын сынап, оны қайта қарауды ұсынған болатын.

Соның негізінде 14-нен бастап әр күнге атау белгіленген. Мәселен, көрісу, шежіре, жайлау, дархандық, шымырлық пен шеберлік, зияткерлік, жоралғы, ұлттық тағамдар және бұқара күні болып 22-не дейін анықталған. Сәйкесінше, әр күннің мазмұны алуан түрлі болады. Ұлыстың ұлы күнінде отбасылық құндылықтар мен бірлікке ерекше мән беріледі. Сондай-ақ, ұйым өкілдері барлық азаматтарға мерекелік тоғыз күн көлемінде қазақтың ұлттық нақыштағы киімін киюге шақырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.