{metadescription}
Отандық азық-түліктің 80 пайызы неге қолжетімсіз?  
Отандық азық-түліктің 80 пайызы неге қолжетімсіз?  

Отандық азық-түліктің 80 пайызы неге қолжетімсіз?  

Жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі кеміп барады. Ең төменгі жалақы да осы салада – бұл мыңнан бір мысал. Бүгін Сенатта өткен Парламент тыңдауы ауыл шаруашылығы тақырыбына арналды. Ал мәселені шешуге келгенде фермерлердің айтар ұсысыны жетерлік.

Қазақтан асқан мал шаруашылығын жетік меңгерген кім бар? Бірақ соған қарамастан ауыл шаруашылығы өнімдері тым қымбат. Әрі оның себебін үкіметтің бір субсидиясынан іздеу де қателік. Сенаттағы Парламент тыңдауында көтерілген тақырып осыны меңзейді.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:

- Халқымыздың өмір салтының ажырамас бөлігі – мал шаруашылығы. Ол ежелден әр қазаққа интуитивті тұрғыда жақын, генетикалық деңгейде түсінікті. Онда неге барлық табиғи және тарихи негіздері бола тұра, отандық азық-түлік өнімдерінің 80 пайызы қолжетімсіз?

Мәселенің түбірін қопара келсе, білікті мамандардың жетіспеушілігі, қарапайым инфрақұрылымның болмауы сынды толып жатқан қиындықтар шыға келеді. Оның барлығы ауыл тұрғындарының тіршілігін қиындатады.

Серік Садықов, «Қазақ ұлттық жеміс-көкөніс шаруашылығы» ҒЗИ басқарма төрағасы:

- Бүткіл тұқымдарды санасақ, 100 пайыздан 80 пайызы шетелден келеді екен, импорт. Біздің институттан шыққан тұқымдар 20 пайыз ғана – сол проблема. 80 пайыз тұқымдармен бірге неше түрлі аурулар да келеді. Екіншіден, ол тұқыммен бірге ауру келгеннен кейін фермерде қаржылық шығын болады. 

Түйткілдің шешуі де бар. Қазір отандық мамандар шетелдік компаниялармен байланысқа шығып, шетелден сатып алатын тұқым, көшеттерді өзімізде шығарудың қамын жасап жатыр. Ал ет өніміне келгенде, шопандар өздерінше жиылып, даму бағдарламасын әзірлеген.

Алмасбек Садырбаев, «Шопан ата» қойшылар қауымдастығының басшысы:

- Өзімізше бағдарлама жаздық. Анау 1961 жылдан бастап ауыл шаруашылығының дамуын зерттедік. Үкіметтен бір тиын сұраған жоқпыз. Өз қаражатымызға. 1961 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін, содан кейін біз 5 жылды емес, анау 2050-ге дейін де жасаймыз.

Ал қазіргі қиын жағдайдың қалыптасуына не себеп? Мәселен, соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 5-ақ пайыз болып қалған. «Жыл өткен сайын одан да төмендеп бара жатыр», - дейді Сенат төрайымы.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:

- Ауылдық жерлерде жұмыс орындары мен жұмыспен қамту деңгейінің қысқаруы, аграрлық еңбек нарығының жетілмеуі және шиеленіс коэффицентінің жоғарылауы, әлеуметтік инфрақұрылым объектілері мен әлеуметтік тұрмыстық қызметтердің қысқаруы, ауыл тұрғындарының саны азайып, біртіндеп бүтін елді мекендер жойылып кетіп жатыр.

Мәселенің шешімі ретінде Сенат спикері бірқатар ұсыныс білдірді. Атап айтқанда, фермерлерге берілетін субсидияны нормативтік актілер емес, заң жүзінде бекіту. Сондай-ақ, білікті маман даярлауға  «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқытып, әрі бұл салаға да мемлекеттік сусидия бөлуді ұсынып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде