{metadescription}
Тараздағы №43 мектеп директорының мәселесі мықтап қаралатын болды
Тараздағы №43 мектеп директорының мәселесі мықтап қаралатын болды

Тараздағы №43 мектеп директорының мәселесі мықтап қаралатын болды

Мұғалімді жұмыстан қуамын деп дауға қалған Тараздағы №43 мектеп директорының жағдайы тіптен қиындайтын түрі бар. Ұстаздардан ұдайы ақша жинайды деп айыпталған Эльмира Өмірбекованың мәселесін енді құзырлы орын май шаммен қарауға кіріскен.   

Равиль Төлебаев, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

- Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-тармағы, 4-тармақшасына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Мектеп директорына қатысты. Бұл жердегі жалпы негіздемесі: мектеп директорының мұғалімдер тарапынан ақша жинау фактісі орын алып отыр. 

Анықталғаны, өткен жылы «Адалдық алаңы» жобасы №43 мектепте мұғалімдер арасында ақша жинауға қатысты сауалнама жүргізген екен. Ол кезде бірде-бір дерек айтылмаса керек. Ал енді арада біраз уақыт өткенде әу баста үндемей қалған ұстаздар ақтарылып жатыр. Олардың айтуынша, білім ошағында ұдайы ақша жиналады.

Мұғалім Күнсұлу Бөрімбекова жұмыстан негізсіз қуылдым деп, желіні шулатқан. Оған тағы бірнеше мұғалімдер мен ата-ана қосылып, білім ошағындағы былықтарды жайып салған болатын. Директор мұғалім функционалды міндетін дұрыс атқармағаны үшін «осындай шара қолдандым» деп түсіндірген еді. Әрі жемқорлық сипатындағы айыптарды жоққа шығарған. Ал даудан кейін жұмыстан шеттетілген Эльмира Өмірбекова «қаталдығым мен талапшылдығым басыма таяқ болып тиді» деп қынжылады.

Эльмира Өмірбекова, №43 мектептің бұрынғы директоры:

- Жалалар жабылып жатыр. Қатты талап еткенге міндетті түрде мұндай жалалар жабылады. Дер кезінде, неге сол кезде ол кісілер сіздерге шағымданбады? Дәл сол сәтте шағымданып, ақпарат құралдарына неге жария қылмады? Қайда қарады сол кезде?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде