Атырау облысында болған жантүршігерлік жол апатында 5 адам өлді
Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Екі жеңіл автокөліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан 5 адам қаза тапқан. Ал екі көліктен тірі қалған жалғыз жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді.
Автор: Бекен Әлирахым
28.02.2020
Жол апаты таңғы елең-алаңда Құлсары қаласынан Теңіз кенішіне барар тас жолда болды. Қаза болғандардың барлығы вахталық кентке жұмысқа бара жатқан адамдар екен. «Chevrolet» маркалы көлікте 4 азамат, «Ладада» тағы екі адам болған. Екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Аман қалған жалғыз жолаушы қазір ауруханада жатыр. Апаттың нақты себептері сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!