Прокурорлар контрабандашыларға көмектесіп, қолдап отырған
Контрабандашыларға прокурорлардың өзі көмек қолын созып, қолдап отырған. Алматы облысында осындай күдікпен көлік прокуратурасы қызметкерінің қолына кісен салынды.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
28.02.2020
Аға прокурормен ым-жымы бір болған экономикалық бөлімнің тергеушісі мен мемлекеттік кірістер департаментінің маманы да қамауға алынды. Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мәліметінше, олар контрабанда дерегі бойынша үстінен іс қозғалған серіктестік басшысынан 30 мың доллар, яғни 11 миллион теңгеден аса пара алған. Қыруар қаражаттың қарымтасына қадағалаушы орган өкілдері кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі жылы жабуға уәде беріпті. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!