КТК тағдыры тәлкекке түскен бойжеткен туралы түрік телехикаясын ұсынады
Көрерменнің сүйікті сериалы КТК-да! Арнамыз бүгіннен бастап тағдыры тәлкекке түскен бойжеткен туралы ең танымал түрік телехикаясын ұсынады. «Ясминнің тағдыры» деп аталатын туынды жақындары жатқа айналған қыз жайында. Бұл телехикаяны бүгіннен бастап арнамыздан қайта тамашалауға мүмкіндік туды.
Автор: Салтанат Шырынхан
02.03.2020
- Құдайым-ай! Сен Лондонға кетпеп пе едің?
- Не істедің? Біз үйленбекші болдық! Бір аптадан соң үйленуге тиіс едік.
Картина сатқындық, туыстар арасындағы кек, кездейсоқ кездесудің махаббатқа ұласуы сынды шытырман оқиғалардан құралған. Басты кейіпкер - Ясминнің арманы сүйіктісіне тұрмысқа шығып, ақ босаға аттау болатын. Алайда жақын күндері орындалайын деп тұрған бұл қалауының күлі бір-ақ түнде көкке ұшады. Яғни бойжеткеннің сүйген адамы мен ең жақын құрбысы сатып кетеді. Болашаққа құрған жоспары құрдымға кеткен Ясминнің өмірі осы сәтте түбегейлі өзгереді. Кейін Саваш есімді жігітпен кездескен арудың өмірінде нағыз махаббат машақаты басталады.
Тартысты күндерді бастан өткеретін Ясмин қаймықпай тағдырға қарсы тұра ала ма?
Саваш екеуі қиындықтарды жеңіп, бірге бола ала ма?
Бұл сұрақтардың жауабын «Ясминнің тағдыры» телехикаясынан табасыз. Сериал сағат 18:00-де көрсетіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!