{metadescription}
Атырауда салмағы 148 келі алып қорытпа балығы ұсталды
Атырауда салмағы 148 келі алып қорытпа балығы ұсталды

Атырауда салмағы 148 келі алып қорытпа балығы ұсталды

Атыраулық балықшыларға биылғы маусым сәтті басталды. Көктемгі балық аулаудың алғашқы күнінде бекіре шабақтарын өсіру зауытының мамандары салмағы 148 келі, ұзындығы екі метрден асатын  алып қорытпа балығын ұстады.

Соңғы жылдары мүлде сиреп бара жатқан бекіре тұқымдас балықтар Қызыл кітапқа енгізілген. Қазір тек ғылыми-селекциялық бағытта ғана ауланады. Атап айту қажет, жергілікті мамандар осындай бабына келген аналық балықтың жоқтығынан екі жылдан бері қорытпа шабағын өсіре алмай келген болатын. Ал бұл бекіреден ең кемі 25-30 келі уылдырық алынады. Бұл ұрғашы балық енді уылдырығы жетілгенше арнайы тоғанда бағылып, сәуір айына дейін айрықша күтімге алынады. 

Ғилман Сәрсемәлиев, Бекіре шабақтарын өсіру зауытының директоры:  

- Шамамен 1 млн данаға жуық уылдырық алуға мүмкіндік бар деп ойлаймыз. Одан шамамен 500-600 мыңдай қорытпаның жас шабақтары шығуға тиісті, бұйыртса.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде