{metadescription}

Таразда мүгедек қожайынына қамқор ит жұрт жүрегін елжіретті

Таразда әйгілі Хатиконың ізбасары пайда болды. Аңыз иттен мұның ерекшелегі: ол мүгедек қожайынының арбасын итеріп, демеу көрсетеді. Иесіне қамқор жануардың әрекеті жұрттың жүрегін елжіретті.  

- Міне, қараңыздар, Тараз қаласында қандай көрініс. Ит қожайынына көмектесіп келе жатыр. Не деген керемет!

Бұл кадрдан иттің адамға деген адалдығы мен қамқорлығын аңғару қиын емес. Әлеуметтік желіге тараған видео қызу талқыланып жатыр. Ал арбаға таңылған қария 81 жаста. Оның бір аяғы жоқ, 1-ші топтағы мүгедек. Зейнеткер Магнус есімді итін Шығыс Еуропа овчаркасы тұқымынан болуы мүмкін дейді. Ақсақал жалғыз  тұрады. Сондықтан иті тек күзетші ғана емес, оның сенімді серігіне, сырласына айналған. Екеуі әрдайым бірге. Қария  ақылды итті көруге келетіндердің қарасы көбейгенін айтады. Ол қызық іздегендерге сақ болуға кеңес береді. Себебі, төбет көшеде жуас болғанымен, үйде қатыгез екен.

Анатолий Дербенев, зейнеткер:

- Мен әдейілеп ештеме үйреткен жоқпын. Әйтеуір өзінен-өзі арбаға жотасын тосып, демейтінді шығарды.Менің арбамның тежегіші істемейді. Кейде тоқтата алмай қаламын. Зуылдатқан кезде өзім қорқып кетемін. Жалпы, менің бес итім болды, бәрі ақылды. Мынау – алтыншысы.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 наурыз

08 наурыз

07 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде