{metadescription}
Ақтөбеде маскүнемдер мен нашақорлар аштық жариялады
Ақтөбеде маскүнемдер мен нашақорлар аштық жариялады

Ақтөбеде маскүнемдер мен нашақорлар аштық жариялады

Ақтөбеде маскүнемдер мен нашақорларды күштеп емдейтін мекемеде науқастар аштық жариялады. Ауруханадағылар мұндағы күзет қызметін ауыстыруды талап етіп отыр.

- Аштық жариялап жатырмыз. Төрт бірдей бөлім тамақ ішуден бас тартты. Науқастарды ұрып жатыр.

Емдеу мекемесінің басшылары қазір 60-қа жуық науқастың астан түбегейлі бас тартқанын растады. Бірақ олардың «күзетшілерден таяқ жедік» дегені – жала деп отыр. Қазір бұл ауруханада 138 науқас бар. Барлығы сот шешімімен маскүнемдік пен нашақорлықтан емделуде. Жабық мекеме болғандықтан, сырттан ешкімді жолатпайды. Ал күзетшілер мен науқастар арасындағы дау тінтуден соң басталған. Емделушілердің қолдан жасаған пышақтарын, карталарын тартып алыпты. Ауруханада ондай үшкір зат ұстап, құмар ойын ойнауға тыйым салынған. Енді бас дәрігер науқастарды райынан қайтару үшін күзет қызметінің басшысымен бірге аштық жариялағандармен жеке дара сөйлесемін деп отыр.

Қыдырбек Әбішев, Ақтөбе облыстық мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесінің бас дәрігері: 

- Қолдан жасалған пышақтары болған. Соны тартып алған. Енді оны қолдан жасағанда нан кеседі, үйтеді, бүйтеді. Науқастар аштық жариялаймыз деп қырсыққан. Мыналар заң бойынша былай істеу керек дейді. Екі аралықта түсінбеушілік болып қалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде