{metadescription}
КешYOU тобының директоры аштық жариялады
КешYOU тобының директоры аштық жариялады

КешYOU тобының директоры аштық жариялады

Нұр-Сұлтанда коронавируске қатысты карантинде жатқан «КешYOU» тобының директоры аштық жариялады. Назым Басқынбаеваның Денсаулық сақтау министрлігіне қояр бірнеше талабы бар. Танымал продюсер Жапониядан коронавирус шыққан Diamond Princess кемесінде болған төрт отандасымызбен бір ұшақта келген еді.

Назым Басқынбаева, «КешYOU» тобының директоры:

Жандарбек Бекшин бізден үш сынама алынып, егер коронавирус анықталмаса, үйге жіберетінін айтқан. Алайда бүгінге дейін бес сынама алынды. Мұның себебін ешкім түсіндірмейді. Әлі күнге дейін ешбір анықтама, бірде-бір қағаз көрген жоқпыз. «Біздің рейстегі жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды ма?» деген күдік те бар.

«Шыдамның да шегі бар» деген продюсер өзі карантинде жатқан медициналық мекемеде санитарлық талаптар сақталмайтынын жеткізді. Палатасын видеоға түсірген ол тазалық жұмыстарының тұрақты түрде жүргізілуін талап етіп отыр. Назым Басқынбаева уақытша еңбекке жарамсыздығы жөнінде анықтаманы да «әлі алмадым» деп ашынады. Алайда құзырлы орын өкілдері «алаңдауға еш негіз жоқ» дейді. Өйткені сынаманың қорытындысы бойынша жолаушылардан коронавирус анықталмаған. Сондықтан олар карантинде жатқан адамдарды шыдамдылық танытуға шақырады.

Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қаласы тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Жапониядан келген 20 кісіден үш сынама алынды. Зерттеу жұмыстарын жүргізгенде нәтижелері теріс болды. Олардың денсаулығы дұрыс болса, 14 күннен кейін шығарылады. Өздеріне он күн ішінде байланысып, біліп отырамыз. Сосын жұмысына, мектебіне, балабақшасына бара береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.