Мүфтият: Қызуы көтеріліп, тыныс алуы қиындаған азаматтар мешітке келмесін
Төрткүл әлемге қауіп төндірген індетке қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да мәлімдеме жасады.
02.03.2020
Имамдар мешітке жиналатын жамағатқа намазды үйден оқуға кеңес береді. Өйткені адам көп жиналатын жерлерде ауру жұқтыру қаупі өте жоғары. Мүфтият дене қызуы көтеріліп, тыныс алуы қиындаған азаматтардың мешітке келуін тоқтатып, намазды үйден оқығаны дұрыс дейді. Өйткені жұқпалы аурулардың алдын алуда карантин қажет екені шариғатта да айтылған екен. Сондықтан өзіңе де, өзгеге де зиян келтірмеу үшін індет ауыздықталғанша, қоғамдық орындардан алыс жүрген абзал дейді діни басқарма өкілі.
Батыржан Мансұров, ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі:
- Қоғамдық орынның бірі ретінде мешіттер де айтылды. Біз мәлімдемемізде де келтірдік. Қандай да бір кісі науқасқа шалдығып жатса, ол мешітке келмеуіне болады. Күнделікті оқылатын бес уақыт намазын үйінде оқуына болады. Біз бұған дұрыс түсініктікпен қарауымыз керек. Сондай жағдайларда мешітке келмей, үйінде оқи берулеріне болады. Бұл – уақытша.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!