{metadescription}
Күлдіре отырып, күлкісіз ойға жетелейтін фильм шықты
Күлдіре отырып, күлкісіз ойға жетелейтін фильм шықты

Күлдіре отырып, күлкісіз ойға жетелейтін фильм шықты

Қазақ киносының қоржыны тағы бір туындымен толықты. «Жаным, ты не поверишь!» картинасы комедия мен экшн жанрларын біріктірген. Фильм тұңғыш сәбиін күтіп жүрген жас отбасы жайында. Бір күнге болсын жұбайынан жыраққа кетпек болған отағасы өз жақындарынан мәңгіге айырыла жаздайды. Шытырман оқиғаға толы кинотуынды ертеңнен бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.

Жас отбасы тұңғыш сәбиін асыға күтіп жүр. Алайда үй ішінде ыдыс-аяқ сылдырлап, аяқ астынан екеуі ұрысып қалады. Ашуға булыққан Дастан әйелінің бүгін-ертең босанатынына қарамай, достарымен демалысқа кетеді. Нағыз шым-шытырық осы сәттен басталады. «Балық аулаймыз» деген достар бәлеге тап болады.

Данияр Алшынов, актер:

Отбасы бәрінен жоғары. Осы қағиданы ұстанған мен кинода әйелін жақсы көріп, сыйлайтын отағасымын. Алайда оны достары дұрыс қабылдай алмайды. Дегенмен жанымызға жақын жандардың қаншалықты қымбат әрі қажет екенін басымызға іс түсіп, қиын сәт туғанда бір-ақ түсінеміз.

Комедия мен экшнді тоғыстырған туындыда қантөгіс көріністері жетерлік. Солай бола тұра, кейіпкерлердің әрқайсысынан бауырға, досына, махаббатына деген адалдықты байқайсыз. Бұл белгілі актер Жандос Айбасовтың өз достарымен бірігіп түсірген алғашқы жұмысы екен. Тіпті қаражатты да өз қалталарынан шығарған. 

Жандос Айбасов, продюсер:

- Егер де жай комедияны көріп шаршасаңыздар, біздің киноны көріңіз. Каскадердің трюктері өте көп. Енді бұл жерде жай ғана комедия емес, біздің қазіргі таңдағы проблемаларымыз да бар. Достық қарым-қатынас бар.

Кино небәрі 17 күнде түсірілген. Дастанның әйелінің рөлін актриса Әсел Қалиева сомдайды. Картинадан Еркебұлан Дайыров, Рүстем Жаныаманов, Дулыға Ақмолда, Алмат Сағатовтарды да жаңа образда көре аласыз. Күлдіре отырып, ойға шомдыратын фильмді көремін десеңіздер, ертеңнен бастап кинотеатрларға асығыңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.