{metadescription}
Ақбөкендерді шетінен қырып, қорықшыны өлтірген браконьер сотталды
Ақбөкендерді шетінен қырып, қорықшыны өлтірген браконьер сотталды

Ақбөкендерді шетінен қырып, қорықшыны өлтірген браконьер сотталды

Ақмола облыстық соты «Охотзоопром» қызметкерлеріне оқ атқан браконьерге үкім кесті. Ен далада ақбөкендерді шетінен қырып жүрген Анатолий Бонякевичтің атқан оғынан табиғат қорғау инспекторы мерт болып, тағы бір қорықшы ауыр жараланған еді.

Торқалы Бектұрсынов, судья:

- Жалпы көлемде 18 жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарылды. Жәбірленуші Тұяқованың талап арызымен 10 миллион теңге шамасында моральдық өтемақы өтеу және жәбірленуші Оспановқа 1,5 миллион теңге моралдық өтемақы төлеу туралы шешім шығарылды.

Браконьер жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейді. Бұл қанды оқиға кезінде Анатолий Бонякевичтің 13 жасар ұлы қасында болған. Ол бұл істе куәгер ретінде тартылды.

Естеріңізге салсақ, оқиға өткен жылдың шілдесінде болған. Жарқайың ауданына «Охотзоопромның» инспекторлары заңсыз аң аулап жүрген «Нива» автокөлігінің соңына түсіп, жолын кеспек болғанда браконьер қос ауыз аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Осы кезде инспектор Қаныш Нұртазинов қайтыс болған еді. Ал онымен бір көлікте болып, жүрек тұсынан жараланған Самат Оспанов қазір қызметіне қайта кіріскен. Төрт ақбөкенді жайратып салғанымен қоймай, адам өлтірген Анатолий Бонякевич «қорғандым» деп айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде