{metadescription}
Өлімнен кейін донорлық қалай жүзеге асырылады?
Өлімнен кейін донорлық қалай жүзеге асырылады?

Өлімнен кейін донорлық қалай жүзеге асырылады?

Марқұмның донор болуына келісімді бір ғана туысы беруі тиіс. Мәжілісмендер осындай ұсыныс айтып отыр. Өйткені қазіргі заңнамада қайтыс болған адамның мүшелерін донорлыққа жарату немесе қарсылық білдіру шешімін нақты қай туысы анықтайтыны белгіленбеген.

Ал азаматтар көзі тірісінде донорлыққа қатысты шешімін айтпайтыны белгілі. Сондықтан туыстарының арасында кім шешім қабылдайтыны дау тудырып жатады. Жалпы, елімізде адам өлімінен кейінгі донорлық мынадай жолмен іске асады: әуелі дәрігерлер кеңесі адам өлімін растауы тиіс. Одан кейін марқұмның ағзасы донорлыққа жарамды екені Трансплантация орталығына хабарланады. Орталық марқұмның туыстарымен байланысқа шыққан соң ғана нақты шешім қабылданады.

Наталья Пан, ҚР Әділет вице-министрі:

- Қазіргі заңнамада марқұмның  ағзасын донорлыққа беруге келісім беретін немесе қарсы болатын нақты қай туысы екені көрсетілмеген. Депутаттардың тарапынан енгізілген түзету нәтижесінде марқұмның жары немесе туыстарының біреуі ғана донорлыққа қатысты шешім қабылдай алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде